Жыл басынан бері елорда халқының саны артты

Фотография - Жыл басынан бері елорда халқының саны артты

Жыл басынан бері халықтың табиғи өсімі 14 523 адамды, көші-қон өсімі 385 адамды құрады

829 0

Бүгінгі күнде Астана қаласы халқының саны 867 790 адамды құрайды. Соның ішінде "Алматы" ауданы бойынша – 381 470 (44%), "Есіл" ауданы бойынша – 134 472 (15,5%), "Сарыарқа" ауданы бойынша – 351 848 (40,5%) адамды құрады, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметінше, 2015 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны 14 908 адамға, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 1616 адамға, "Есіл" ауданы бойынша - 7644 адамға, "Сарыарқа" ауданы бойынша - 5648 адамға көбейді.


Жыл басынан бері халықтың табиғи өсімі 14 523 адамды, көші-қон өсімі 385 адамды құрады.


Астана қаласы бойынша ағымдағы жылы жалпы алғанда 17 129 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ға көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7,5%-ға артып, 14523 адамды құрады.


Жыл басынан бері АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,4%-ға азайды, ажырасулар саны 8,9%-ға өсті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!