Бас мүфти: Жаңа қоғам интеллектуалы жоғары имамдарды қажет етеді

Фотография - Бас мүфти: Жаңа қоғам интеллектуалы жоғары имамдарды қажет етеді

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бұл туралы Алматыдағы республикалық Әбу Ханифа атындағы медресе шәкірттеріне дәрісі барысында айтты

260 0

Жаңа қоғам интеллектуалы жоғары имамдарды қажет етеді. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бұл туралы Алматыдағы республикалық Әбу Ханифа атындағы медресе шәкірттеріне тағылымды дәрісі барысында айтты.

Бас мүфти шәкірттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ілім алудың артықшылықтары тұрғысында насихат айтып, тәлімгерлерді оқуда озат болуға шақырды.

«Сіздер осы білім ордасында 2 жыл 10 ай діни білім аласыздар. Діни білім алып, оны халыққа жеткізу үлкен абырой. Қазақ топырағынан шығып, әлемге танымал болған Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмұд Қашқари, Әл Фараби сынды ғалымдардың барлығы ең әуелі діни білім алып, халыққа Ислам негізін жеткізген. Біз тәуелсіздігіміз арқылы осы дәстүрлі сабақтастығымызды жалғастыруға мүмкіндік алдық.

Қазір жаңа қоғам ұлттық санасы қалыптасқан, діни білімі терең, интеллектуалы жоғары заманауи имамдарды қажет етеді. Сондықтан сіздер жаңа заманға сай білім алуларыңыз қажет. Дін ғылымы мен қатар елдің тарихын, қазақ мақал-мәтелдерін, ұлт көсемдері мен би-шешендерінің даналық ой-тұжырымдарын, діни өлең-жырларын жаттап, ұлттық құндылықтарды да қатар меңгеру керек», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Айтулы шараға Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет, «Әбу Ханифа» медресесінің директоры Құлмұхаммед қажы Маханбет және медресе ұстаздары қатысты.

ҚМДБ



Тегтер:

бас мүфти

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!