Б. Байбек өзінің жаңа орынбасарын таныстырды

Фотография - Б. Байбек өзінің жаңа орынбасарын таныстырды

Румиль Тауфиков бұған дейін 2009 жылдан бері ҚР Президенті Протоколының бастығы қызметін атқарып келген болатын

935 0

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің жаңа орынбасары Румиль Тауфиковты әкімдік ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Today.kz  Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Румиль Тауфиков бұған дейін 2009 жылдан бері ҚР Президенті Протоколының бастығы қызметін атқарып келген болатын. 

Енді жаңа қызметте әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту, төтенше жағдайлардың алдын алу, қаланың азаматтық қорғанысы, жолаушы тасымалын ұйымдастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу жұмыстарына жетекшілік ететін болады.

Румиль Тауфикұлы Тауфиков 1974 жылы 30 қаңтарда Қырғыз КСР-нің астанасы Фрунзе қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1997- 2000 жж.), "Математика және информатика", "Құқықтану" мамандыктары бойынша бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. 2000 жылдан - "Астана қаласының коммуналдық меншік қоры" МКК бас маманы, бөлімшесін басқарушы. 2001 жылдың мамырынан - Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және мамандармен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы - Протокол бастығы. 2001 жылдың қарашасынан - ҚР Президенті Протоколында  консультант, сектор меңгерушісі, бас инспекторы. 2006 жылдың наурызынан - ҚР Президенті Протоколы бастығының орынбасары. 2009 жылдан бері - ҚР Президенті Протоколының бастығы. 

 "Құрмет" орденімен (2010 ж.), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001 ж.), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005 ж.), "Астананың 10 жылдығы" (2008 ж.) медальдарымен марапатталған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!