Қазақстанда шаруалардың 70%-ы мемлекеттік қолдаудан айырылуы мүмкін

Фотография - Қазақстанда шаруалардың 70%-ы мемлекеттік қолдаудан айырылуы мүмкін

Шаруалардың 70%-ы мемлекеттік қолдаудан құр қалуы мүмкін.

200 0

Шаруалардың 70%-ы мемлекеттік қолдаудан құр қалуы мүмкін.

 Осыған байланысты мәжілісмендер шағын және орта деңгейдегі шаруашылықтардың тағдырына алаңдап отыр. Ол жайында депутат Светлана Кадралиева Үкіметке жолдаған сауалында айтты. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Сол бойынша агрокешен өндірісін дамыту керек еді. Атап айтсақ, сүт өндірісін 15%-ға, етті 10%-ға арттыру қажет болды. Сол сияқты ауыл тұрғындары үшін 12 мың жұмыс орнын сақтап қалу – маңызды шаруалардың бірі. Алайда мәжілісменнің айтуынша, бөлінген субсидия техника мен технологияларды сатып алуға және мамандарды дайындауға ғана жұмсалады деген ақпарат тараған. Демек мемлекет қолдауын тек ірі фермерлер ғана көруі мүмкін.

 Светлана Қадралиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жуырда БАҚ-та ұлттық қордан бөлінетін қаражат саладағы зерттеу жұмыстарына, генетиканы арттыруға бөлінеді деген ақпарат тарады. Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, бұл аталған өзгерістер рас болса, бағдарламаның негізгі мақсаты, яғни ет, сүт өндірісін арттыру параметрлері қайта қарала ма? Дағдарыс қыспаққа алған шақта тек осы ауылшаруашылығы саласы ғана өндірісте өсім байқатқанын ескерсек, бағдарламадағы бұл жаңашылыдықты түсіндіріп беруіңізді сұраймыз.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!