Астана мен Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Фотография - Астана мен Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Жалпы, бұл күні еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз

456 0

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астана мен Ақмола облысында дауылды жел тұрып, күн жауын-шашынды болады деп хабарлайды Қазгидромет. Жалпы, бұл күні еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз. 


"Барикалық құрылымдардың шұғыл алмасуынан ел өңірлерінің басым бөлігінде жел күшейін жауын-шашынды болады. Түнде және таңертең тұманды, сонымен қатар, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Мәселен, батыс облыстарда термометр бағаны түнде 0-ден -10 градусқа дейін төмендесе, күндіз 0+5 градус. Солтүстік пен орталық Қазақстанда -3-11 градусқа дейін күн суытады, күндіз -5+3 градус. Ал, республиканың оңтүстік аймақтарында түнде ауа температурасы түнде -3+5 градус, күндіз +2+12 градус нөлден жоғары" делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін Астана мен Ақмола облысында жел жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Жаңбыр соңы қарға ұласып, түнде көктайғақ болуы ықтимал. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!