Сенат Мемлекеттік қызмет туралы заңды мақұлдады

Фотография - Сенат Мемлекеттік қызмет туралы заңды мақұлдады

Бұл заңда мемлекеттік қызметтік мансаптық үлгісіне көшу көзделген.

815 0

Парламент Сенатының кеңейілген отырысында "Мемлекеттік қызмет туралы" заң жобасы талқыланып, мақұлданды. Аталмыш құжатты депуттарға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров таныстырған болатын.
Заң жобасы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында көрсетілген, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге және оның дербестігіне бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әзірлеген.
- Сондай-ақ, бұл заңда мемлекеттік қызметтік мансаптық үлгісіне көшу көзделген. Ол бойынша қызметке кіру төменгі лауазымдарға орналасудан басталады. Ал қызмет бабында одан әрі ілгерілеу үшін белгілі бір құзыреттілік және төмен тұрған лауазымдардағы жұмыс өтілінің болуы мен біліктілігін үнемі арттырып отыру талап етілмек, - деді Қайрат Пернешұлы.
Сонымен қатар, құжатта мемлекеттік лауазымдарға орналасуда конкурстың екі түрі көрсетілген: ішкі және жалпы конкурс арқылы. Мұның бірінші кезеңінде бос орны бар мемлекеттік қызметкерлер арасында оңайлатылған тәртіппен конкурс өткізілсе, екіншісінде, сәйкес келетін кандидат болмаған жағдайда басқа да мемлекеттік қызметшілер арасында конкурс жарияланады. Ал егер осы екі конкурс қорытындылары бойынша адамдар іріктеліп алынбаса, барлық азаматтар арасында жалпы конкурс тәртібіне сай өткізілетін болады.

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!