Астананың білім беру мекемелерінде сабақты тоқтату параметрлері

Фотография - Астананың білім беру мекемелерінде сабақты тоқтату параметрлері

Ескерту: Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат көрсетілген уақытта беріледі.

490 0

Астана қаласының Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім мекемелеріндегі (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады.
Білім басқармасының хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында, білім мекемелерінде сабақты тоқтатудың параметрлері:
 – 1-4 сыныптарда ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен болғанда (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес);
– 1-9 сыныптарда ауаның температурасы минус 30 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
 – 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы минус 35 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
Айта кету керек, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).
Сабақты тоқтату туралы ақпаратты 6.45-тен 7.00-ге дейін (бірінші ауысым) және 12.15-тен 12.30-ға дейін (екінші ауысым) келесі ақпарат көздерінен ала алады:
- "Алма ТВ" кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, "31-арна", "СТВ" арналарының жүгіртпе жолында, "Алма ТВ", Астанателеком "Digital ТВ" кабельді телевизиялық жүйесінің ақпараттық каналынан жазбаша түрде хабарлама беріледі;
- "Хабар", "Қазақстан-1", "ОРТ Қазақстан", "Астана ТВ", "КТК", "НТК" телеарналарынан "дауысты хабарлама" беріледі;
- "Радио-Астана", "Ретро-FM", "Қазақстан-РВ", "Авто-радио", "Шалқар" радио толқындарынан "дауысты хабарлама" беріледі;
- 169 (ақылы), 109 (ұялы телефоннан ақысыз) телефондарына қонырау шалуға болады;
- Астана қаласы әкімдігінің сайтында беріледі;
- Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат берілген;
- Ата-аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.
Ескерту: Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат көрсетілген уақытта беріледі. Қыс мезгілінде ауа-райының суықтығын ескеріп балаларыңызға жылы киінуді, ақпаратты уақытылы тыңдауын қатаң тапсыруларыңызды өтінеміз.


Тегтер:

Астана мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!