Құрылыс компанияларына қатысты тергеулер аяқталды

Фотография - Құрылыс компанияларына қатысты тергеулер аяқталды

ҚР ҰЭМ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына қатысты тергеулерді аяқтады

218 0


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті құрылыс компаниялары "High Vill Kazakhstan" ЖШС-ға, "Елорда даму" ЖШС-ға, "Атлант Инжиниринг" ЖШС-ға, сондай-ақ "Астанамонолит" ЖШС-ға (Базис) және "Жана Кала Курылыс" ЖШС-ға (Базис) қатысты Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеулерді аяқтады деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі .
Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу барысында пәтерлерді сатып алушыларға паркингті сатып алуды, басқарушы компаниямен шарттар жасасуды және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақы төлеуді күштеп таңудан көрінген жосықсыз бәсекелестік фактілері анықталды.
Істерді Астана қаласының соттарында қарау нәтижелері бойынша аталған компаниялардың ішінен "Елорда даму" ЖШС және "Атлант Инжиниринг" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі кезде BI Group холдингінің еншілес ұйымдары "Шахар НС" ЖШС-ға және "Family Village" ЖШС-ға қатысты сатып алушыларға таза әрлеу талаптарын күштеп таңу, құрылыс салушының пайдалану және коммуналдық қызметтерінің, сервистік компания қызметтерінің шығыстарын өтеу фактілері бойынша монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!