К. Хиллман "ҚазМұнайГаз" директорлар кеңесінен шықты

Фотография - К. Хиллман "ҚазМұнайГаз" директорлар кеңесінен шықты

Компанияның директорлар кеңесінің құрамына кіруге жаңа үміткер жайлы ақпарат белгіленген тәртіп бойынша таратылады

392 0

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") директорлар кеңесі 2015 жылдың 20 қазанында директорлар кеңесінің мүшесі Кертвуд Хиллманнан өз еркімен құзыретін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама алды. Хиллман мырзаның Компанияның директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі сол күні тоқтатылды.

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Хопкинсон Кертвуд Хиллманға бірлесе жасаған жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның келешектегі қызметіне сәттілік тіледі.

Компанияның директорлар кеңесінің құрамына кіруге жаңа үміткер жайлы ақпарат белгіленген тәртіп бойынша таратылады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!