Қазақстанда әрбір төртінші жастар санатына жатады

Фотография - Қазақстанда әрбір төртінші жастар санатына жатады

Бүгінгі таңда Қазақстанда 14 пен 29 жас аралығындағы 4,5 млн адам

226 0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сөз алған Білім және ғылым вице-минитрі Тахир Балықбаев бүгінгі таңда еліміздегі әрбір төртінші тұрғын жастар санатына жататындығын атап өтті.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда 14 пен 29 жас аралығындағы 4,5 млн адам болса, яғни еліміздегі әрбір төртінші тұрғын жастар санатына жатады", - деді вице-министр.

Айта кетейік, брифинг барысында министрлік өкілдері мемелекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасының бірінші кезеңін іске асырудың қорытындысы жайында өрбіген болатын.

Мамандардың мәліметінше, бағдарламаның бірінші кезеңінде (2013-2015 жылдар) орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыреттері мен жауапкершілік аймағын айқындаушы ведомствоаралық қарым-қатынастардың тиімді модельдерін қалыптастыруға жол ашылған. Сондай-ақ, Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аймақтарды дамыту бағдарламаларына мемлекеттің саясатын жүзеге асыру жөніндегі көрсеткіштер енгізілген.


Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!