Қазақстанның солтүстігі мен батысында көктайғақ болады

Фотография - Қазақстанның солтүстігі мен батысында көктайғақ болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

608 0

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, жел күшейуі мүмкін, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметінен. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 /с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман болады.

Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жекеленген аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с болады.


ҚазАқпарат


Тегтер:

ауа-райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!