Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен сауда-ойын сауық орталығы салынады

Фотография - Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен сауда-ойын сауық орталығы салынады

None

3639 1

Шымкент қаласында Қазақстандағы ең үлкен сауда-ойын сауық орталығы салынбақ. "Shymkent mall" кешені 38,0 га жерге орналасады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов пен инвесторлар арасындағы келіссөздерден кейін белгілі болды. 

Жалпы ауданы 120,0 мың шаршы метрді құрайтын Cауда-ойын сауық кешенінде бірқатар қызмет көрсету нысандары орналасады. Атап айтқанда, гипермаркет - 10,0 мың шаршы метр; дүкендер - 10,0 мың шаршы метр; кинотеатрлар» - 4,0 мың шаршы метр; балаларға арналған ойын-сауық паркі - 3,5 мың шаршы метр; аквапарк - 15,0 мың шаршы метр; 3000 адамға арналған фуд-корт орындары; электроника дүкендері - 2,5 мың шаршы метр; заманауи фешн галереясы - 40,0 мың шаршы метр, сонымен қатар, 3500 авто көлікке арналған автотұрақ қамтылатын болады.

ОҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаға жалпы сомасы 42,0 млрд тг құрайтын жеке инвестиция тартылады және 4000 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұдан бөлек, кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал жұмыс жасайтын болады. Кешен заманауи тенденцияларды ескере отырып, жобаланған және орналасқан қала аумағы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылып, қала тұрғындарына тиімді, қолжетімді жаңа форматтағы сапалы қызмет көрсететін болады.

"Shymkent mall" Шымкент қаласының шырайын аша түсіп, еліміздегі ең ірі қайталанбас сауда орталығы болмақ. Ол көрсетілетін қызметтерді жоғарғы деңгейге көшіруге оң ықпал ететін болады.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Ersultan 27 қаз. 2015

"Шымкент Мал"-деп оқыладыма сонда?

Жауап беру