Н.Назарбаев Франция президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Н.Назарбаев Франция президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев көлік апатынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты

540 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жиронда департаментінде болған автокөлік апатына байланысты Франция Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жеделхатта көп адамның қайтыс болғаны және бірқатар азаматтардың ауыр жарақат алғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев көлік апаты салдарынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты. 


Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!