Қостанай қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фотография - Қостанай қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін аппараттық мәжілісте Қостанай қаласының әкімі Базыл Шамұханұлы Жақыпов жаңа орынбасарын таныстырды

341 0

Бүгін аппараттық мәжілісте Қостанай қаласының әкімі Базыл Шамұханұлы Жақыпов тұрғын үй-комуналдық шаруашылық мәселелерін қарастыратын әкімнің орынбасары лауазымына тағайындалған Теменов Ерлан Олжабайұлын таныстырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Е.О.Теменов 1971 жылы туған, білімі жоғары, Алматы зооветеринариялық институтын "зооинженер" мамандығы бойынша және Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін "бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша аяқтады. 

1993 жылы мемлекеттік қызметке орналасты және 2010 жылға дейін Қостанай облысының Арқалық, Ұзынкөл, Қарабалық аудандарында, Арқалық қаласындағы, Ақмола облысының Ерейментау ауданының салық органдарында түрлі қызметтер атқарды. Бүгінгі күнге Арқалық қаласы әкімінің экономика мәселелері бойынша орынбасары лауазымында жұмыс істеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!