Алда Қазақстанның басым аумағында күн жылынады

Фотография - Алда Қазақстанның басым аумағында күн жылынады

Бұған батыстан келген жылы циклон себеп

390 0

Синоптиктердің айтуынша, ертең еліміздің орталық бөлігі ғана емес, солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарында да күн жылынады. Бұған батыстан келген жылы циклон себеп. Республиканың солтүстік аймақтарында күн 13 градусқа дейін жылиды. Оңтүстік өңірлерде 23 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Ал батыста керісінше ауа температурасы төмендейді дейді мамандар.

Алуа Саханова, "Қазгидромет" инженер-синоптигі: - Батыс өңірден біртіндеп жылжитын циклонның әсерінен республика бойынша біз жауын-шашын күтеміз. Сондай-ақ желдің күшеуі бар. Ауа температурасының аздаған жоғарлауы күтіледі.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!