Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 260-тан асты

Фотография - Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 260-тан асты

Кеше Ауғанстан мен Пәкстанның шекарасында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 260 адамнан асты деп хабарлайды BBC News

723 0

Кеше Ауғанстан мен Пәкстанның шекарасында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 260 адамнан асты деп хабарлайды BBC News. Сонымен қатар, Ауғанстанның өзінде және Пәкстан мен Үндістанның солтүстігінде жараланғандар саны көп. 

Ең көп зардап шеккен Пәкстан тұрғындары. Мұнда қайтыс болғандар саны 214 адамға жетіп отыр. Ауғанстанда 52 адам көз жұмды. Жараланғандар саны 1800-ден асып отыр. Ауғанстанның Тахар провинциясындағы қыздар мектебінде дүрбелең туып, оқушылар бірін-бірі таптап өлтірген, қайтыс болғандар саны - 12 адам. Тағы 25 қыз ауыр жарақат алды.

Айта кету керек, аталған жер сілкінісі Орта Азия елдерінде де айтарлықтай білінді. Мәселен, кеше Шымкентте 4 балдық жерасты дүмпуі тіркелсе, Тәжікстандағы таулы жерлерде тас көшкіні жүрген.

Естеріңізге салайық, кеше Ауғанстан территориясында қуаттылығы 7,5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!