Алматы облысында жер сілкінді

Фотография - Алматы облысында жер сілкінді

Ауыл тұрғындары жер дүмпуін сезбеген

431 0

"Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі комитетінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" ММ сесмикалық сатнциялар желісі қазанның 27 күні, Алматы уақытымен сағат 06:36 кезінде 4,1 магнитудалық жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Today.kz. 

Жер сілкінісінің орталығы Алматыдан солтүсті-шығысқа қарай 263 километр жерде орналасқан. Жер асты дүмпуі 25 километр тереңдікте тіркелген. Энергетикалық кластері 8.8. 

Алматы облысының Төтенше жағдай департаментінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісі Алматы облысының Панфилов ауданында Көктал ауылы мен Іле өзені аралығында болған. ТЖД ақпаратына сәйкес, бұзылулар мен зардап шеккендер жоқ. Сонымен бірге, ауыл тұрғындары жер сілкінісін сезбегені белгілі болды.

Айта кетейік, кеше Ауғаныстанда 7,7 магнитудалық күшті жер сілкінісі орын алған.  Жер дүмпуі Қазақстанның оңтүстік аймақтарына да сезілген. Шымкентте төрт балдық, Таразда үш-төрт балдық жер сілкінісі болған. Сондай-ақ, дүмпулер Алматы мен Қарағандыда да сезілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!