Джон Керри Қазақстанға арнайы сапармен келеді

Фотография - Джон Керри Қазақстанға арнайы сапармен келеді

сурет trend.az сайтынан

АҚШ мемлекеттік хатшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның отырысына қатысады

198 0

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы 28 қазан мен 3 қараша күндері аралығында Орта Азия елдерін аралайды деп хабарлайды РИА Новости АҚШ мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап. Осы сапары аясында Керри Қазақстанға да ат басын бұрады. 

"Мемлекеттік хатшы Бішкек, Самарқан, Астана, Душанбе, Ашхабад қалаларына барып, мемлекет басшыларымен және өзге де билік өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Бұл Джон Керридің Орта Азия елдеріне жасайтын алғашқы сапары" делінген аталған хабарламада.

Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның отырысына қатысады. Ал, Бішкекте ол америкалық университеттің жаңа кампусын ашып, жаңа елшілік ғимаратын пайдалануға береді. Самарқанда Керри ортаазиялық бес мемлекеттің сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізеді. Ашхабад пен Душанбеде өңірлік мәселелер бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өтеді деп жоспарлануда, деп жазды baq.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!