Ақтөбеде жаңа әкім

Фотография - Ақтөбеде жаңа әкім

Сағын Бекбол Үбайдоллаұлы Ақтөбе қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

852 0

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың 27 қазандағы өкімімен Сағын Бекбол Үбайдоллаұлы Ақтөбе қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Омаров Ерхан Болатжанұлы басқа жұмысқа ауысуымен байланысты Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен босатылды.  

Бекбол Сағын 1972 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "заңгер", Қазақ гуманитарлық-заң университетін "құқықтану бакалавры", Қазақ инженерлік-техникалық академиясын "экономист" мамандықтары бойынша бітірген, экономика ғалымдарының магистрі.

Еңбек жолын 1993 жылы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының қаржы жүйесінде бастады.

1998-2003 жылдары - Ақтөбе Салық комитетінде, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы.

2003-2004 жылдары - Ақтөбе облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары.

2004 жылы - Ақтөбе қаласы әкімінің орыбасары.

2007-2010 жылдары - Ақтөбе қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.

2010-2013 жылдары - Астана қаласы қаржы басқармасының бастығы.

2013 жылғы шілдеден осы кезде дейін Астана қаласы "Алматы" ауданының әкімі болып қызмет атқарды. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!