Қазақстан президенті бірқатар заңдарға қол қойды

Фотография - Қазақстан президенті бірқатар заңдарға қол қойды

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды

366 0

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі

 Атап айтқанда, Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жалпы мемлекеттік жұмылдыру жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін жоғарылатуға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, құрылыс сапасын жоғарылатуға, құрылыста баға белгілеуді, мемлекеттік нормативтерді, сондай-ақ рұқсат беру жүйесін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!