Ресей "Байқоңыр" космодромынан кетпейді – Мұсабаев

Фотография - Ресей "Байқоңыр" космодромынан кетпейді – Мұсабаев

Фото: ©Арман Мухатов

Сонымен қатар РФ ғарыштық бағдарламалар саны қысқарады.

469 0

Жекеменшік "Восточный" космодромын құрылысына қарамастан, Ресей "Байқоңыр" космодромында ғарыштық бағдарламаларын жүзеге асра береді. Бұл туралы ҚР ИДМ аэроғарышт комитетінің басшысы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды Today.kz.

"Шынында, Ресей 2007 жылы 7 қарашадан бастап Путиннің жарлығымен Амур облысында "Восточный" космодромын құруды бастаған.  

"Бұл егемен елдің өз еркі. Біз олардың ішкі мәселесіне араласпаймыз. Әрине, бұл "Байқоңырға" өз әсерін береді. РФ федералды бағдарламаларының басым бөлігі "Восточныйға" кетіп қалады. Солай жоспарланған болатын. Бірақ ол іс соншалықты жақын арада жасалмайды. Ресей "Байқоңырдан" кетпейді. Біздің қолымызда РФ жоғары басшыларының, Роскосмос пен Ресей үкіметінің мәлімдемелері бар. Олар онда "Байқоңырды" болашақта да РФ пен ҚР бірлесіп пайдаланатындары жөнінде нақты айтылған", - деді ол.

"Қазғарыш" басшысы "Бәйтерек" зымыран кешеніне де тоқталды.

"Гептилсіз ұшатын Ангара зымыраны негізінде құрылатын "Бәйтерек" кешенін құру бойынша жұмыстар белсенді жасалуда. "Байқоңырда" жаңа кешендерді салу жөнінде де мәселелер қаралуда", - деп түйді сөзін Т. Мұсабаев.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!