ҚР Президенті Протоколының жаңа басшысы тағайындалды

Фотография - ҚР Президенті Протоколының жаңа басшысы тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше тағайындаулар жасады.

774 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Today.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ертеректе хабарлағанымыздай, протокол басшысы болған Раумиль Тауфиков Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

Осыған орай Мемлекет басшысының жарлығымен Тимур Пірімбетов Қазақстан Республикасының Протокол басшысының  уақытша қызметін атқару қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлығымен Словакия Республикасында әрі Чехия Республикасында Қазақстанның төтенше әрі өкілетті  елшісі болып  Сержан Әбдікәримов тағайындалды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!