Қостанай облысында қоңыр көмір шығаратын кәсіпорын құрылды

Фотография - Қостанай облысында қоңыр көмір шығаратын кәсіпорын құрылды

Қоңыр көмірді өндіру 2017 жылы басталады.

1947 0

Әулиекөл ауданында қоңыр көмір өндіретін кәсіпорын құрылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

"Тюрк Казына" СКК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қостанайдағы "Тобол" ӘКК бірлесіп, "Құсмұрын" кенішінен қоңыр көмір өндіруді жүзеге асырмақ. Осы мақсатта бірлескен "Қазақ көмір энергетикалық компаниясы" серіктестігі  құрылды. "Тобол" ӘКК хабарлауынша, қазір Құсмұрын кенішінен кен пайдалану үшін №1 разрезі құзіретті органда тіркелді. Ол жыл аяғына дейін бірлескен кәсіпорынға беріледі.

Келісім шарт 25 жылға жасалып отыр. Оан бөлінген инвестициялық көлемдегі қаржы көмірді шығару шығынына кетеді, шарт бойынша барлық тиісті төлемдер, оның қатарына салық кіреді. Кәсіпорында 250 адам жұмыс істейді.

Алдағы жылы дайындық, аршу жұмыстары жүргізіле бастайды. Ал қоңыр көмірді өндіру 2017 жылы басталады. Бастапқыда 200 мың тонна көмір өндіру белгіленді. Жобада жылына 5000 мың тонна көмір жоспарланған, бұл деңгейге кәсіпорын 9 жылда жететіні айтылған.

"Тюрк Қазынаның" бас директоры Руслан Мамунов  өңір басшысы Архимед Мұхамбетовке 2016 жылы 2,5 млрд. теңге инвестиция салатынын жеткізді. Оның ішінде 560 миллион теңге теміржол құрылысына кетеді. Ол қазірдің өзінде бұл құрылысты бастауға рұқсат алып отыр. Жоба бойынша алдағы жылдары қоңыр көмірді терең өңдеу үшін салынатын кешенді құрылыстар, инфрақұрылым жоспарланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!