Сенат "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңды қабылдады

Фотография - Сенат "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңды қабылдады

сурет economy.gov.kz сайтынан

Заң жобасында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша негізгі өкілеттіктері бар уәкілетті орган айқындалды

538 0

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңды қабылдады.

Заң жобасының мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықтың қатерлерінен Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, деп жазды baq.kz.

"Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңда белгіленген жемқорлық құқық бұзушылықтардың көпшілігі формалды және тәртіптік сипатта болғандықтан әрі материалдық игіліктерді көздемейтіндіктен, заң жобасында жемқорлық құқық бұзушылықтың жаңа көрінісі енгізіліп отыр", - деп баяндады Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова.

Заң жобасында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша негізгі өкілеттіктері бар уәкілетті орган айқындалды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері жүргізеді, оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жатады", - деп атап өтті ол.

Бұдан бөлек, заң жобасында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияны қамтитын қаржылық бақылау іс-шаралары да көзделген.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!