Американдық миллиардер Қазақстан қор биржасының акциясын сатып алуға ниетті

Фотография - Американдық миллиардер Қазақстан қор биржасының акциясын сатып алуға ниетті

Джим Роджерс: Әлемнің өзге елордалары Астанамен теңесе алмайды

468 0

Бүгін "AstanaInvest - 2015" алтыншы халықаралық инвестициялық форум барысында әйгілі америкалық миллиардер әрі инвестор Джим Роджерс Қазақстанға инвестиция салуға ниеті екенін мәлімдеді. Джим Роджерс бүгін форумның бас сессиясында "Астананың инвестиция саласындағы әлеуеті" тақырыбы бойынша модераторлық етті.

- Мен Астана қаласы туралы көп оқып, көп естігенмін. "Астана – тамаша қала" дегенді көп естігенмін, енді бүгін өз көзіммен көріп отырмын. Астана – расымен де таңғаларлық қала екен. Мен Бразилияда да, Вашингтонда да Астанада бар кереметтерді көрген емеспін. Әлемнің өзге елордалары Астанамен теңесе алмайды. Маған бұл жерде болып жатқан өзгерістер қызықты. Соңғы бірнеше жыл ішінде Астана қаласында, тұтастай Қазақстанда елеулі өзгерістер орын алды, – деді Роджерс.

Сондай-ақ, Д. Роджерс Қазақстанға инвестиция салуды жоспарлағанын мәлімдеді. Мемлекет елорданы дамыту үшін көп жұмыс жасаған, –  деді ол. - Қазақстанда алты рет экономикалық форум өтті, ал, бүгін инвестициялық форум өтіп жатқандықтан, тек инвестиция тарту жолдарын талқылауға уақыт табамыз деген үміттемін. Негізі, Қазақстанға инвестиция салатын сәт туды. Бүгін барлығымызды қызықтырып отырған мәселе де осы инвестиция. Қазақстанда бұл үшін барлық мүмкіндік жасалған.

http://astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!