Іздеуде жүрген "Азбука жилья" құрылыс компаниясының басшысы Австрияда жүр

Фотография - Іздеуде жүрген "Азбука жилья" құрылыс компаниясының басшысы Австрияда жүр

Астанада құрылысы аяқталмаған 45 проблемалы нысан бар - прокуратура

747 0

 Елордада бүгінде 45 проблемалы нысан анықталды. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында елорда прокуратурасы бірінші басқармасының прокуроры Әнет Нұрмағамбетов мәлім етті. 

Осы орайда ол ҚР ІІМ Тергеу департаменті сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша "Азбука жилья" құрылыс компаниялар тобының басшылыған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқандығын еске салып өтті. 

 "Азбука жилья" құрылыс компаниялар тобының басшысы Ерқанат Тайжанав Австрияның Вена қаласында жүргендігі мәлім болды.  Естеріңізге сала кетейік, Ерқанат Тайжанов Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты.

"Астана қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша 45 проблемалы нысан анықталды. Бұл нысандардың құрылысына жеке адамдардың қаржысы тартылған және осы құрылыстар әлі де аяқталмады", - деді ол.
Әнет Нұрмағамбетовтің сөзіне қарағанда, қалада сотқа дейінгі тергеп-тексеруге 14 қылмыстық іс енгізілді. Бұл істер тұрғын үй құрылысына азаматтардың қаржысын тартуға байланысты болып отыр. 
Сонымен қатар "ШейхКазИнвест" ЖШС басшысы Ольга Шнайдер мен "Аль Баракат Company" ЖШС басшысы Бақытжан Тойымбетовке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. 
"Адамдар құрылыс компанияларымен келісім жасарда барынша абай болуы тиіс. Өздерінің жинаған қаржысын баспана құрылысына салар алдында құрылыс жүргізушілердің рұқсат құжаттарының, жер учаскесінің бар екендігіне көз жеткізуі керек. Осы орайда Астана әкімдігінің сайтын немесе құрылыс жүргізуші компанияның құжаттарын алдын ала бір қарап шықса, көптеген проблемалардың алдын алуға болар еді", - дейді Ә.Нұрмағамбетов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!