Қазақстан БҰҰ-ның "электрондық үкімет" индексі бойынша 28 орында тұр

Фотография - Қазақстан БҰҰ-ның "электрондық үкімет" индексі бойынша 28 орында тұр

"Электрондық үкімет" порталы арқылы қазір 85 қызмет пен сервиске қолжетімді.

165 0

 Қазақстан БҰҰ-ның "электрондық үкімет" индексі бойынша 28 орында тұр.   Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру екі негізгі бағытта жүзеге асуда, бұлар: Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен "электрондық үкімет". "Электрондық үкімет" порталы арқылы қазір 85 қызмет пен сервиске қолжетімді. 2014 жылы электрондық түрмен 34 млн.-нан астам қызметтер көрсетілген. БҰҰ-ның индексі бойынша Қазақстан 28-і орында тұр", - дейді Ә. Исекешев. 

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда республикамызда 26 ХҚКО жұмыс істейді, оларда 212 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Сонымен қатар, қабылданған шаралар нәтижесінде халықтың Орталықтар көрсететін қызметтеріне қанағаттанушылық деңгейі арта түскен.

Алдағы уақытта ХҚКО базасында да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсыну жөніндегі қызметін ұйымдастыру бойынша функцияларды "Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" қызметтерін біріктіре отырып, "Үкімет - азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясына беру көзделеді.  

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!