Астана өз аймағында исламдық қаржыландырудың орталығына айналады

Фотография - Астана өз аймағында исламдық қаржыландырудың орталығына айналады

Біз активтерді басқару бойынша әлемдік санаттағы жаңа сала құрмақпыз, оның негізі мемлекеттік активтерді басқару болмақ.

478 0

"Astana Invest - 2015" Халықаралық инвестициялық форумның бас сессиясы аясында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысы туралы айтып, орталыққа мемлекеттік қаржының бір бөлігі берілетіні туралы мәлімдеді.

- Біз активтерді басқару бойынша әлемдік санаттағы жаңа сала құрмақпыз, оның негізі мемлекеттік активтерді басқару болмақ. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық банкі 100 млрд. доллардан асатын активтерді басқарып отыр. Біз өзіміздің серіктестерімізбен бірлесіп, бұл қаржының бір бөлігін "Астана" халықаралық қаржы орталығына беруді жоспарлаудамыз, –  деді Қ. Келімбетов. 

Қ. Келімбетовтың айтуынша, қаржы орталығының даму бағыты исламдық қаржыландыру саласына бағытталады. 

– Біздің ойымызша, Астана біздің аймақта исламдық қаржыландыру саласында көшбасшысы болады. Біз алдымызға банк жүйесі активтерінің 10% исламдық қаржы саласы алуы тиіс деген міндет қоямыз,  –  деді Ұлттық банк төрағасы.

Ол сонымен қатар, орталықтың қосымша бағыттарының бірі ретінде тікелей инвестициялар қорларының және венчурлық капиталдың қарастырылуы мен дамуын атап өтті.

- Біз инвесторлар үшін бұрынғы кеңес аумағында теңдесі жоқ  жағдай жасаймыз, - деді Қ. Келімбетов. 


astana.gov.kz 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!