Жапонияда тұмауды бір күнде емдей алатын дәрі шығарылады

Фотография - Жапонияда тұмауды бір күнде емдей алатын дәрі шығарылады

Жапонияның фармакологиялық компаниясы 2018 жылы адамды тұмаудан бір күнде емдей алатын дәрі шығаруы көздеп отыр

321 0

Жапонияның фармакологиялық компаниясы 2018 жылы адамды тұмаудан бір күнде емдей алатын дәрі шығаруы көздеп отыр, деп хабарлады  РИА Новости.

Жаңа дәрі вирустың тарауына жол бермей, оны жояды. Препарат вирустың көбеюіне әсер ететін ферменттердің пайда болуына кедергі келтіреді. Осының арқасында аталған дәріні пайдаланып, бір күнде емделуге болады.  

Дәрі Жапонияда алғашқы клиникалық сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін көрсетті, деп жазды «Никкэй» газеті. Екінші кезең тұмауға шалдығу деңгейі ұлғаятын қараша айында басталады. Препарат жүздеген науқасқа беріледі.

Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі дәрінің тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген соң және лицензия алу үдерісінен кейін оның 2018 жылы сатылымға шығу мүмкіндігін айтты.

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!