Алматыда Орталық Азия ғұламаларының форумы өтуде

Фотография - Алматыда Орталық Азия ғұламаларының форумы өтуде

Фото: ©Алмаз Толеке

Алматыда "Келісім мен жасампаздық – Орталық Азиядағы Исламның дәстүрлі негізі" атты Орта Азия ғұламаларының форумы өтеді.

1067 0


Форумның негізгі мақсаты Орталық-Азиядағы мұсылмандардың рухани дәстүрлерін нығайту және дамыту, мұсылман ғұламаларының діни экстремизм мен радикализм идеясын таратуға қарсы жұмылдырған күшін біріктіру болып табылады.

Сонымен қатар, дәстүрлі рухани құндылықтарды нығайту мәселелері бойынша өзара тиімді уағдаластыққа қол жеткізу, діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оқыту, исламдық діни ілім саласында бірлескен теоретикалық және қолданбалы зерттеулерді өткізу, діни әдебиеттермен және бірлескен пәтуаларды шығару мәселелерін талқылау жоспарлануда.  

Форумда террорризм мен экстремизмді болдырмаудың жолдары, Орталық Азияда дәстүрлі діни мектепті қалыптастыру, Орталық Азия ғұламаларының еңбегін қайта басып шығару, жастарға адамгершілік құндылықтарын насихаттау, оларға дұрыс діни ақпараттарды жеткізу, т.б. тақырып төңірегінде пікір алмасулар болмақ.

Іс-шараға Қазақстан Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы, Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтомушев, Өзбекстан Бас мүфтиі Усмонхон қажы Алимов, Тәжікстан мемлекет Бас мүфтиі Саидмуккаррам Абдулкодирзода, және де Орта Азиядағы беделді ғалым-теолог және ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ қызметкерлері мен облыстық өкіл имамдар, дінтанушы ғалымдар, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі мен Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшелері қатысуда.

Іс-шараны Айдар қари Қасиетті Құран кәрімді оқып, форумды ашты. ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы құттықтау сөзін сөйлеп, осы форумның қазіргі кезде қаншалықты маңыздылығы жөнінде тоқтала кетті. 

Форумның қорытындысы бойынша Орталық Азия мұсылмандарына тиісті үндеу қабылдауы күтілуде. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!