Ақтау қаласы әкімінің орынбасары ауысты

Фотография - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары ауысты

Үркен Бисақаев қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды

442 0

Ақтау әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Үркен Бисақаев қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бисақаев Үркен Серікқалиұлы 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді.

Екі жоғары білімі бар. Қазақ  технологиялық университетінің экономика және менеджмент факультеті мен Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің  құқықтану факультетін бітірген.

200-2007 жылдары қазақстандық және шетелдік компанияларда түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.

2010-212 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды.

2012 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарды.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!