Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Ұлттық мұражайында болып қайтты

Фотография - Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Ұлттық мұражайында болып қайтты

Музейді аралап көргеннен кейін Мемлекеттік хатшы Ұлттық музейді одан әрі дамытуға қатысты бірнеше нақты тапсырма берді

1254 0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық музейде болды, деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

 Мемлекеттік хатшы музейді аралау барысында "Археология", "Тарих", "Алтын", "Қазіргі заманғы өнер" залдарымен, сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған "Тарихи жады және тағылым" және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Ұлттық натюрморт" көрмелерімен танысты.

Г.Әбдіқалықоваға сондай-ақ музейдің әлемдегі қазіргі заманғы музей ісін дамытудың жаһандық трендтеріне сай келетін Ұлттық музей қызметінің негізгі бағыттары баяндалды. Қазіргі кезде музей Жорж Помпиду (Франция) атындағы Ұлттық өнер және мәдениет орталығымен, Амброзиана (Италия) кітапханасымен, Тан династиясы тұсындағы (Қытай) ежелгі Батыс базарының Сиан музейімен, Ресейдің Мемлекеттік Эрмитажымен және басқа да мұражай орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған.

Музейді аралап көргеннен кейін Мемлекеттік хатшы Ұлттық музейді одан әрі дамытуға қатысты бірнеше нақты тапсырма берді.

Ұлттық музей Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша 2013 жылы құрылды. «Алтын Адамның» ғылыми реконструкциясы және ежелгі аң кейіптес стильде жасалған скиф-сібір алтын бұйымдары музейдің басты жәдігері болып саналады. Ұлттық музейдің басты ерекшелігі – мұнда бірегей имек экран, медиа еден, Астана қаласының қазіргі орталық бөлігінің макеті, бірнеше медиа экрандар, голограммалар, диод шамдармен жабдықпен LED-техника, сенсорлық киоскілер, мультимедиялық гид сияқты заманауи инновациялық музей технологиялары қолданылады. Бүгінгі таңда музей қорындағы жәдігерліктердің жалпы саны 188 мыңнан асады.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 26 халықаралық және республикалық көрме, соның ішінде «Тарихи жады және тағылым», «Ортақ Жеңіс», «Қазақ құқығының тарихы», «Мәңгілік Ел» және басқа да көрмелер ұйымдастырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!