Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел тұрады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел тұрады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді және көктайғақ болады

261 0

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді және көктайғақ болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей аудандарында тұман түсіп, көк тайғақ болады, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 15-22 метр жылдамдықпен, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 метр жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей аудандарында тұман түседі.

Сырдария өзенінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы бөліктерінде су деңгейі көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысындағы өзен-көлдерде мұз қатады.



 Bnews.kz


Тегтер:

тұман жел

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!