ЕАЭО-да біртұтас биржалық кеңістік құрылуы мүмкін

Фотография - ЕАЭО-да біртұтас биржалық кеңістік құрылуы мүмкін

Мұндай мәселе Минскіде өткен ТМД елдерінің Халықаралық биржалар қауымдастығының жиынында талқыланды

210 0

Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) біртұтас биржалық кеңістік құрылуы мүмкін. Мұндай мәселе Минскіде өткен ТМД елдерінің Халықаралық биржалар қауымдастығының жиынында талқыланды.

Шараға 6 мемлекеттің 15 ірі биржасының топ-менеджерлері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен Фьючерстік нарық қауымдастығының өкілдері қатысты.

БӘТБ басқармасының төрағасы Аркадий Саликовтың айтуынша, ТМД елдерінің Халықаралық биржалар қауымдастығы – бірінші кезекте, ақпарат пен тәжірибе алмасуға арналған алаң.

«Биржалар экономикамызда болып жатқан процестерді бақылап қана қоймай, идеялар генераторы, тауар, қаржы және қор нарықтарында жаңа тенденциялардың бастамашысы болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда ТМД ХБҚ маңызды рөлге ие», - дейді Аркадий Саликов.

Жиында БЭК әзірлеген ЕАЭО-ның газ нарығын, жалпы мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құру тұжырымдамасының жобалары, сондай-ақ біртұтас биржа кеңістігін құру және одақтың есеп-қисап институттарын орталықтандыру мәселелері талқыланды.



Bnews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!