ОҚО әкімі Шымкенттегі құрылыс нысандарын аралады

Фотография - ОҚО әкімі Шымкенттегі құрылыс нысандарын аралады

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласының бірқатар өндіріс және құрылыс нысандарын аралады

253 0

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласының бірқатар өндіріс және құрылыс нысандарын аралады. "Современные строительные изделия" ЖШС-нің өндірістік базасының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорын әр түрлі темір құрылымдарды, сондай-ақ базальттық плиталар мен блоктарды шығарумен айналысады. 

Келесі нысан – Қ.Төлеметов көшесінің бойында салынып жатқан тұрғын үйлер болды. 7 қабатты көппәтерлі тұрғын үйді салушы мердігер «Отау-Строй» ЖШС. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Аралау барысында «Асар» шағын ауданындағы 30 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары пысықталды. Бұл үйлердің құрылысы 2016 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінде 2015 жылы "Өңірлерді дамыту - 2020" бағдарламасының орындалу барысы бойынша жиналыс өтті.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!