Назарбаев алғаш рет Азаматтық процесуалдық кодексіне көпшілік алдында қол қойды

Фотография - Назарбаев алғаш рет Азаматтық процесуалдық кодексіне көпшілік алдында қол қойды

Ақордада ҚР жаңа Азаматтық процеуалдық кодексіне қол қоюдың салтанатты шарасы өтті

1303 0

Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР жаңа Азаматтық процеуалдық кодексіне қол қоюдың салтанатты шарасы өтті, деп жазады Today.kz тілшісі.

"Барлық қазақстандықтарға айтарым, жаңа Азаматтық кодекс еліміздегі құқықтық кеңістігімізді түбегейлі жақсартатынын атап өткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан 100 нақты қадам жоспарын іске асыруда. Жаңа кодекстің қабылдануы бұл мәселені шешуде айтарлықтай үлес қосады. Ол қазіргі базалық институттарды сақтай отырып, құқықтық тәжірибемізді ең үздік әлемдік стандарттарға теңестіретін үлкен өзгерістер де енгізіледі", - деді Назарбаев.

Сонымен бірге, Елбасы жаңа жылдан бастап Қазақстан бес буынды сот жүесінен үш буынға өтетінін айта кетті. Бұл істерді қарау процеін жеңілдетеді, нәтижелілікті көтереді, барлық шешімдерді ел азаматтары үшін түсініктірек етеді.

Инвестициялық дауларды қарастыру бойынша да жаңа тәртіп енгізіледі, бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын күшейтеді. Жекеменшік институтын күшейтеді, ал бұл өз кезегінде ары қарайғы экономикалық даму үшін маңызды.

Естеріңізге салайық, жаңа Азаматтық процесуалдық кодекстің жобасы 2015 жылдың басында Мәжіліс Парламентіне қарастыруға берілген. Мұнда істің сотқа дейінгі дайындық мерзімі ұлғайтылған, судья мен процестің өзге қатысушыларының сот талаптық арызды қабылдағаннан кейінгі регламенттері нақтыланған.

Жаңа АПК жобасын ҚР парламенті Қазақстан президентіне қол қоюға жолдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!