ЭКСПО туы Қазақстанға ресми түрде тапсырылды

Фотография - ЭКСПО туы Қазақстанға ресми түрде тапсырылды

Айта кеткен жөн, халықаралық мамандандырылған "Астана ЭКСПО-2017" көрмесі Қазақстанда 2017 жылы 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өтеді.

2248 0

Миланда «ЭКСПО-2015-нің жабылу салтанаты кезінде Милан Қазақстан өкілдеріне көрмені өткізу эстафетасын  тапсырды.

Енді келесі көрме  Астанада 1017 жылы өтеді және ол  "Болашақ энергиясы"( тақырыбына арналады).

Салтанатты шараға  "Астана ЭКСПО-2017"  ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және ҚР СІМ орынбасары, ЭКСПО-2017 Комиссары Рапиль Жошыбаев қатысты.

Оларға Халықаралық көрмелер бюросының жалауы тапсырылды.

Айта кеткен жөн, халықаралық мамандандырылған "Астана ЭКСПО-2017" көрмесі Қазақстанда  2017 жылы 10 маусым-10 қыркүйек аралығында өтеді.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны Бүкіләлемдік ЕХРО-2015 көрмесінде  үлкен жетістіктерге жетті. Келушілер қарасы орасан мол болды. Ал миллионыншы қонақ Италияның тұрғыны 57 жастағы Даниель Берго атанды. 

"Әлемді азықтандыру. Өмір энергиясы» деп аталған "EXPO Milano 2015" көрмесінде Қазақстан павильоны ерекше қызығушылыққа ие болды. Күніне шамамен 5 мыңнан астам адам келді. Ол бүкіләлемдік көрмеде ең танымал әрі келушілері көп павильондардың қатарынан табылды. Көрменің ұйымдастыру комитетінің жүргізіп отырған халықтық дауыс беруде Қазақстандық павильон алдыңғы қатардан көрінді.

Қазақстандық павильон 3000 шаршы метр аумағы бар екі қабатты ғимарат. Тақырыбы "Қазақстан - мүмкіндіктер әлемі". Сыртқы пішіні еліміздің ауыл шаруашылық мәдениетінің негізі болып табылатын бидай сабағына ұқсатып жасалған. Ішкі мазмұны 6 аумақтан тұрады: ауыл шаруашылығы, жануар шаруашылығы, аквамәдениет, экология, жер шаруашылығы және Қазақстан туралы таңғажайып дүниелер. Экспозицияларда интерактивті және мультимедиялық технологиялар барынша пайдаланылған. Ол әрбір келушінің назарын ерекше аударды. Бүкіләлемдік ЕХРО көрмесінде Қазақстандық павильонды елімізден келген итальян және ағылшын тілін еркін меңгерген 150 ерікті жұмыс жасады.


 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!