EXPO-2015: Қазақстан павильоны үздік үштікке енді

Фотография - EXPO-2015: Қазақстан павильоны үздік үштікке енді

Миланда өткен EXPO көрмесінде Қазақстан павильоны "Үздік даму" аталымы бойынша марапатталып, көш бастаушы үштіктің қатарынан көрінді.

836 0

Павильондардың архитектурасы мен азық-түлік өнімдерін әзірлеудің технологиясын шара ұйымдастырушылары бағалады. Ал көрмеге қатысқан 58 мемлекеттің ішінен арнайы марапатқа тек мықтылар ғана ие болды. Милан көрмесі өз мәресіне жетті. Өзгелерден ерек шығып, халықты қызықтыра білген қонақжай павильондардың аты аталатын шақ та келді. Халық демін ішіне тартып, үздіктердің атын естуге асық. Осы марапатты біздің ел үмітпен күткен болатын. Бұл – әділ шешім. Көрме есігі 6 ай бойы ашық тұрды. Осы кезеңде Қазақстан павильонына келушілер қарасы көп болып, есік алдында кезекте тұрған жағдайлары да болыпты. Жалпы жарты жыл ішінде қазақ павильонын тамашалауға миллионға жуық адам келген.

 Ануарбек Мусин, EXPO-2015 ҚР ұлттық секциясының бас комиссары: - Өте қуанып тұрмын. Отан алдындағы борышымды адал орындағандай сезімдемін. Дәл осы сәтті Қазақстан халқымен бөлісу керек деп ойлаймын. Өйткені бұл – елдің жеңісі. "Планетаны азықтандыру. Өмірге қуат" тақырыбында EXPО-2015 көрмесінде үздік үш номинацияның біреуін иелендік. Халыққа біздің павильонға бас сұғуға жергілікті газеттер мен такси жүргізушілері кеңес берген екен. Күніне 5000 келушінің көңілін табу мұнда жүрген қазақстандықтарға оңайға соқпағаны анық. Алайда еңбектері еш кетпей, көптің алғысына бөленді.

Райхан Ділмағамбетова, Қазақстан павильонының директоры: - Бізге келген әрбір қонақ елдіміздің тарихымен, мәдениетімен танысып, үлкен әсер алып қайтты. Бізде жаңа технологиялар өте көп, агромәдениет, аквамәдениет барлығы қызық. Әлемді экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету бізде жақсы жолға қойылған. Келушілерге күнделікті қымыз ұсынып отырдық. Көрменің жобасы оңай жиналатындай етіп құрастырылған. Сондықтан Миланда қойылған барлық технологияларды Қазақстанға апарып қайта құрастыруға да болады. Бұл кеште біздің елмен қатар Ұлыбританияның ара ұясы павильоны, көгал кейіпінде жасалған неміс павильоны, ағаш алаңқай сияқты Жапон павильоны мен жабық базар болмысындағы Франция павильондары да назарға ілікті.

24.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!