Елбасы ұшақ апатына байланысты Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Елбасы ұшақ апатына байланысты Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта апат салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысы терең күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

1118 0

Елбасы ұшақ апатына байланысты Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Ресейдің «Когалымавиа» компаниясының «Airbus A321» ұшағы апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта апат салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысы терең күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту сөзін жеткізуді өтінді.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!