Еліміздің үш облсында бүгін дауылды ескерту жарияланды

Фотография - Еліміздің үш облсында бүгін дауылды ескерту жарияланды

None

375 0

"Қазгидромет" РМК еліміздің үш облысында бүгін дауылды ескерту жариялады.Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсерлі жауын жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Тұман түсіп, батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

1 қарашадан 2 қарашаға қараған түні ауа температурасы 0-5 градусты көрсетеді, кей жерлерде -3 градусқа дейін суытады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 1 қараша күні күндіз және 2 қараша күні түнде Жамбыл облысында, 2 қараша күні тәулік бойы Алматы облысында да жауын жауады, оның соңы сулы қарға ұласады. Тұман түсіп, жел жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Қос облыста да 1 қарашадан 2 қарашаға қараған түні температура 2-7 градус нөлден жоғары болғанымен, кей жерлерде -8 градус аяз орнайды. 


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!