Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Джон Керримен кездесті

Фотография - Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері  Джон Керримен кездесті

Е.Ыдырысов: Орталық Азия мүдделер қайшылыққа түсетін емес, үйлесім табатын аймаққа айналуы тиіс

1612 0


Бүгін, 1 қарашада Өзбекстанның Самарқанд қаласында Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті. 

"Бұл кездесу - Құрама штаттары мен Орталық Азия республикалары арасындағы жаңа диалог форматы, ол "С5+1" деген атаумен белгілі. Кездесу Мемлекеттік хатшы мен министрлерге аймақтық және жаһандық мүмкіндіктер мен үндеулерді талқылауға мүмкіндік береді», - деп хабарланған АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарламасында.

"Самарқандта тамаша ауажай байқалады. Орталық Азияның 5 елінің министрлері мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы аймақтың перспективалы, өзекті және проблемалы мәселелері бойынша пікір алмасуда», деп жазады өзінің Твиттердегі парақшасында ҚР СІМ ресми өкілі, ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Алтай Әбибуллаев. 

Алтай Әбибуллаев сондай-ақ Твиттерде ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысовтың: "Біз аймақта көптеген жетістіктерге қол жеткізуді қалаймыз, Орталық Азия мүдделер қайшылыққа түсетін емес, үйлесетін аймаққа айналуы тиіс" деген сөзін келтірген.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!