Ресейдің мемлекеттік қызметкерлері Қазақстанда тәжірибеден өтеді

Фотография - Ресейдің мемлекеттік қызметкерлері Қазақстанда тәжірибеден өтеді

Ресейдің 24 өңірінен 40 мемлекеттік қызметкер осы тәжірибеден өтеді

388 0

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ресей Федерациясының басқарушы кадрларының резервіндегі қызметкерлер үшін "Өңірдің бәсекеге қабілетті артықшылықтарын дамытуды басқару" тақырыбындағы екі апталық тәжірибе басталды.

Жалпы, Ресейдің 24 өңірінен 40 мемлекеттік қызметкер осы тәжірибеден өтеді.

"Ресей Федерациясының мемлекеттік қызметкерлері біздің академияда алғаш рет тәжірибеден өтіп жатыр. Бұл арқылы олар Қазақстанның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесін үйреніп, еліміздің даму бағыттары туралы хабардар бола алады. Тәжірибеге келген 40 адам Ресейдің басқарушы деңгейіндегі кадрлық резервінде тұрған қызметкерлер. Ресейдің мемлекеттік қызметкерлері көбіне Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы, өңірлерді дамыту мен шағын және орта бизнес саласындағы тәжірибесі туралы естігендерін айтуда", - деді Академия ректоры Болатбек Әбдірәсілов.

Ректор атап өткендей,  тәжірибе аясындағы семинарларды даму институттарының өкілдері, әртүрлі министрліктің қызметкерлері мен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері жүргізеді.

Айта кетейік,  бұл жоба РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет жөніндегі академиямен бірлесе жүзеге асырылып отыр.


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!