Ұнның жаңа сұрпы экспортқа шығарылуда

Фотография - Ұнның жаңа сұрпы экспортқа шығарылуда

Ақмола облысының Атбасар қаласындағы диірмен кешенінің өнімі экспортқа лайық

134 0

Ақмола облысының Атбасар қаласындағы диірмен кешенінің өнімі экспортқа лайық.

Өндіріс ошағы биылдан бастап, жоғарғы сұрыпты ұнның «жаңаша» және "элита" атты екі түрін шығаруды қолға алған. "Ондағы мақсат – шетелдік нарықтың талабын орындау", - дейді атбасарлық кәсіпкер.

Осыдан 15 жыл бұрын пайда болған бұл диірмен кешені бүгінде едәуір жаңарып қалған. Соңғы жылдары мұнда өнім түрін көбейтіп, өндірістегі қондырғыларды жаңартуға мықтап ден қоя бастапты. Соның арқасында өнім өндіру процесі де біршама автоматтандырылған.

Игорь Лан, диірмен кешенінің басшысы:

 - Біз осы пульт арқылы барлық диірменді іске қосамыз. Қандай да бір жерден ақау шықса, бұл қондырғы автоматты түрде белгі береді.

Диірмен тәулігіне жалпы 150 тонна бидайды өңдеуге қауқарлы. Одан 100 тонна бірінші және 10 тонна жоғарғы сұрыпты ұн алынады. Ал қалғанынан екінші сұрыпты ұн мен кебек өндіріледі.

Иван Бутаков, "ИнтерТрайд" ЖШС директорының орынбасары:

 - Біз Қазақстанда алғаш рет жоғарғы сұрыпты ұнның екі түрін шығаруды қолға алдық. Бұл – экспорт үшін жасалып отырған бастама. Қазірдің өзінде біз Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейге ұн жөнелтіп жатырмыз. Жақында Қытайға да бір вагон жібердік.

Өндіріс ошағында қазір 60 шақты адам еңбек етуде.

Айта кетейік, жалпы Ақмола облысында осындай ірілі-ұсақты 55 диірмен кешені жұмыс істеп тұр. Олар өткен жылы 367 мың тоннадан астам ұн өндіріп, оның 81 мың тоннасын экспортқа жөнелткен.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!