Астанадағы ірі құрылыс компаниялары кәсіподақтарсыз жұмыс істеуде

Фотография - Астанадағы ірі құрылыс компаниялары кәсіподақтарсыз жұмыс істеуде

Өткен жылы Астанада тіркелген 115 жазатайым оқиғаның 90 пайызы құрылыс ұйымдарына тиесілі

270 0

Астанадағы құрылыс компанияларының басшылары ұжымдық шарттар мен келісімдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмысшылары салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Тілеулес Мадиярова мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде елордада құрылыс ұйымдарының басым бөлігінде кәсіподақтар құрылмаған.  Ірі құрылыс нысандарында даулы жағдайлардың негізгі себептері еңбек шартынсыз жұмысшыларды тарту, еңбекақыны уақтылы төлемеу, лицензиясы жоқ құрылыс бригадаларын жұмысқа тарту, атқарылған жұмыс көлемі үшін төлем жасаудағы талас, еңбек ережелерін бұзу секілді оқиғаларға қатысты болуда.

Т. Мадиярованың сөзіне қарағанда, өткен жылы Астанада тіркелген 115 жазатайым оқиғаның 90 пайызы құрылыс ұйымдарына тиесілі.

Атап айтқанда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, еңбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторлары сайланған кәсіподақтары бар ұйымдарда  жарақат алу деңгейі төмен және еңбек заңнамасын бұзу фактілері болмайды. Сонымен қатар осындай компанияларда жоғары еңбек өнімділігі мен еңбек тәртібі сақталады.

"Бүгінде қалалық үшжақты комиссия тарапынан әлеуметтік серіктестікті дамыту, Астанадағы құрылыс компанияларындағы жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында теңгерімді сақтау бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Қазіргі кезде әкімдікпен бірлесе салалық кәсіподақ қала бойынша Астана қаласы құрылыс жұмысшыларының кәсіподағын құруда. Алайда, өкінішке қарай көптеген ірі компаниялар - BI-холдинг, Базис-А, Sembol Insaat, Highvill өздерінде кәсіподақтарды құрғылары келмейді",-деді ол.


Қазақпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!