Қайрат Келімбетов Ұлттық банк төрағасы қызметін сәтті атқарды

Фотография - Қайрат Келімбетов Ұлттық банк төрағасы қызметін сәтті атқарды

Ол экономиканың түйіткілдерін жақсы білетін өз ісінің шебері», – дейді Бейсенбаев.

496 0

Қайрат Келімбетов Ұлттық банк төрағасы қызметінде өз міндеттерін маман ретінде жақсы атқарды.

Тілшілерге берген сұхбатында сенат төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Әр кезеңнің өз талаптары бар екенін жақсы білеміз. Келімбетов Ұлттық банк төрағалығы қызметінде өз міндетін жақсы атқарды деп ойлаймын. Ол экономиканың түйіткілдерін жақсы білетін өз ісінің шебері, еліміздің экономика саласының көптеген лауазымдарын атқарды», – дейді Бейсенбаев.
Оның айтуынша, Данияр Ақышевтің кандидатурасы Ұлттық банк төрағасы лауазымына әдбен лайық.
"Данияр Ақышев Ұлттық банк жүйесінде ұзақ уақыт қызмет етіп, барлық қызмет сатысынан өтті. Өте білікті, экономиканың мәселелерін жақсы біледі. Соңғы жылдары оның президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөліміне жетекшілік етуі жаңа қызметінде оң нәтиже берері сөзсіз. Данияр Ақышев экономиканың қазіргі сын-қатерлерінен хабардар және өз міндетін лайықты атқарады деген үміттемін, – дейді сенат төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағалығынан Қайрат Келімбетовті босатып, оның орнына президент көмекшісі қызметін уақытша атқарып келген президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Ақышевті тағайындау шешімін шығарды. Сенат президенттің бұл ұсынысын бірауыздан қолдап, өз келісімін берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!