Джон Керри әйгілі апорт алмасының дәмін татты

Фотография - Джон Керри әйгілі апорт алмасының дәмін татты

Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та Астанаға ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті

186 0

Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та Астанаға ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті.

Екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту үшін қос тарап бірқатар келелі келісім жасасты. Оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың тапсырмаларын нәтижелі жүзеге асыру туралы уағдаластық бар. Енді еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы арқылы АҚШ-пен сауда-экономикалық қатынас одан әрі кеңейетін болды. Джон Керри қазақстандық ғалымдардың энергетика саласындағы тың жобаларын да жоғары бағалады. Сондай-ақ ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуды американдық тарап алдағы уақытта ресми түрде растайтынын мәлімдеді. Кездесу барысында Ерлан Ыдырысов мәртебелі мейманға әйгілі апорт алмасын ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы таяуда осы сұрыпты өнімнің сапасына таңданысын білдірген болатын.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!