Қазақстанда төрт және одан көп балалы отбасылардың саны 6%-ды құрайды

Фотография - Қазақстанда төрт және одан көп балалы отбасылардың саны 6%-ды құрайды

Бұл туралы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мəлім етті

589 0

Қазақстан бойынша үш баласы бар отбасылардың үлесі - 9,5%-ды, ал, төрт жəне одан да көп баласы бар отбасылардың саны небары 6%-ды құрайды екен. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мəлім етті.

"2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды, морльдық-этикалық жəне рухани құндылықтарды нығайтудың жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын жаңғырту" тақырыбында өткен брифингте вице-министр ең алдымен үлгілі отбасының портретін насихаттау керек екенін айтты.

"Қазақстанда төрт миллионнан астам отбасы бар, бұл отбасылар 5 миллионнан астам бала тəрбиелеп отыр. Еліміз бойынша бір баласы бар отбасылардың үлесі 27%-ды, екі баласы бар отбасылардың саны - 20,6%-ды, үш баласы бар үйлердің саны - 9,5%-ды, ал, төрт немесе одан да көп бала өсіріп отырған отбасылардың үлесі - 6%-ды құрайды",-деді вице-министр.


Қазақпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!