"Қорғас" орталығын жекешелендіруге туралы нақты шешім қабылданған жоқ

Фотография - "Қорғас" орталығын жекешелендіруге туралы нақты шешім қабылданған жоқ

"Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығын жекешелендіруге қатысты шешім әлі қабылданған жоқ

137 0

"Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығын жекешелендіруге қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының көлік логистикасын дамыту орталығы директорының орынбасары Әбдір-Рашид Сәкенов мәлім еттіі.

"Қазір "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығын да, "Қорғас" арнайы экономикалық аймағын да жекешелендіруге қатысты қабылданған нақты шешім жоқ. Себебі, құрылыс процесі əлі аяқталған жоқ. Бұл бірінші себеп. Екіншіден, бұл активтерді сатуға шығару үшін олар толық аяқталуы керек. Жалпы, құрылыс жүріп жатқан соң, мұндай мəселе көтерілген жоқ", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығын құру ұсынысы алғаш рет Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2002 жылы Қытайға жасаған сапары аясында айтылған болатын.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!