Қазақстанда 42 мыңнан астам нысан заңдастырылды

Фотография - Қазақстанда 42 мыңнан астам нысан заңдастырылды

Елімізде мүлікті заңдастыру қарқынды жүріп жатыр

165 0

Елімізде мүлікті заңдастыру қарқынды жүріп жатыр.

Ұлттық банктің деректері бойынша, сомасы 80,5 млрд теңге ақшаны жария етуге 174 жинақ шот ашылған. Нәтижесінде ел экономикасына шамамен 42 млрд теңге инвестицияланды. Осы күнге дейін елімізде жалпы сомасы 290 млрд теңгеге 42 мыңнан астам нысан жария етілді. Ал шет мемлекеттерде жалпы сомасы 677,5 млн теңгеге 27 нысан және бағалы қағаздар заңдастырылды. Бұдан бөлек, бір ғана Астана бойынша сомасы 59 млн теңгені құрайтын 4 мыңнан астам нысанды заңдастыруға өтініш түскен. Ал қалалық жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияда 35 млн теңгеден астам қаражатқа 6 мыңға жуық тұрғын үй заңдастырылды. Сондай-ақ, жалпы сомасы 23 млн 651 мың теңгенің тұрғын үйге жатпайтын 6 мың нысаны да осы бағдарламаға енді.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!