"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолындағы ақауларды мердігер өз есебінен жояды

Фотография - "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолындағы ақауларды мердігер өз есебінен жояды

Аталған магистраль пайдалануға берілгеннен кейін жолдың осы бөлігінде ақау пайда болған

364 0

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолының "Самара-Шымкент" учаскесінің Төрткөл кенті мен Түркістан қаласы аралығындағы жолда ақаулар болуының негізгі себебі анкерлерді (арматурларды) орналастыру барысында бетон төсеуішке орнатылған компьютер жүйесінің жаңылысуы болып табылады. Басқаша айтқанда, темірбетон жамылғысын төсеу кезінде анкерлерді орналастырудың арақашықтығын бақылап отыру мүмкін емес.  

Бүгінгі күнге "Поско Инжиниринг" (Корея) мердігер компаниясы ҚР ИДМ автомобиль жолдар комитетінің ескертпесін мойындап, ақауларды өз есебінен жою жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі кезде жұмыс көлемі аяқталуға жақын. Келісімде көрсетілген тармақтарға сәйкес, ҚР ИДМ мердігерді ескертпелерді өз күшімен жоюға міндеттеді, олай болмаған жағдайда, яғни одан бас тартса, шығын банкілік кепілдеме сомасынан қайтарылатын еді.

Айта кетейік, аталған магистраль пайдалануға берілгеннен кейін жолдың осы бөлігінде ақау пайда болған. Содан кейін, мердігер ҚР ИДМ автомобиль жолдары комитетінің, "ҚазЖолҒЗИ" АҚ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ және "Оңтүстікжоллаборатория" РМБ өкілдерімен бірлесе отырып, цемент-бетон жамылғысында ақаулардың пайда болуының себептерін анықтау жөнінде зерттеулер жүргізді.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!